АВТОРЛЫҚ КУРС

КАСПИ МАГАЗИНДЕ
ТАУАР САТЫП
ТҰРАҚТЫ ТАБЫС ТАП.

dana.sagatbekkyzy
Дана Сағатбек

Каспиде нөлден бизнес бастаудан, жеке бренд арқылы масштабқа шығуға дейін менімен бірге жет!

4 жылKaspi-дегі тәжірибе
500+Шәкірт
3 тарифМақсатыңа сай оқу

Дана Сағатбек

  • Kaspi бойынша эксперт-практик, кәсіпкер
  • 3 баланың анасымын
  • Kaspi-мен жұмыс жасап 6 айда салоннан машина алдым
  • Жеке бренд тауарларымен Kaspi-де айына +2 000 000 ₸ табыс
  • Жылдық оборот — 100 000 000 ₸

Үйде отырған аналар да, наймда жұмыс істейтін жандар да жасай алады.

@dana.sagatbekkyzy

Тарифті таңда

Әр тарифті басып, ішіндегі барлық модульдер мен тақырыптарды көр.

Тарифтерді салыстыру

Айырмашылығы бір қарағанда көрінеді.

STARTPRONEW BRAND
Бағасы59 900 ₸149 000 ₸299 000 ₸
Рассрочка0-0-120-0-120-0-12
Модульдер саны7712
Дайын видеоуроктар✓✓✓
Жеке Zoom / офлайн кездесу—24
WhatsApp кері байланыс2 ай3 ай4 ай
Видеосабаққа доступ6 ай6 ай6 ай
Практикалық тапсырмалар✓✓✓
Бонустар494 + VIP
Жеке бренд, тауар белгісін тіркеу——✓

Жиі қойылатын сұрақтар

Kaspi-де әлі дүкенім жоқ. START маған келе ме?

Иә. START бағдарламасы алғашқы қадамдардан басталады: ИП, Kaspi Pay, магазин ашу, карточка және сатылым стратегиялары.

START пен PRO-ның айырмашылығы неде?

Екі тарифте де бірдей 7 модуль бар. PRO тарифінде қосымша 2 жеке кездесу және WhatsApp қолдау мерзімі 3 ай болады.

NEW BRAND-ке жаңадан бастаған адам қатыса ала ма?

Иә, NEW BRAND құрамына алғашқы 7 модуль де кіреді. Кейін жеке бренд пен тауар белгісіне арналған 8–12 модульдерге өтесіз.

Видеосабақтарға қанша уақыт қолжетімділік беріледі?

Барлық үш тарифте де видеосабақтарға 6 ай қолжетімділік беріледі.

Кездесулер онлайн бола ма?

PRO-да 2, NEW BRAND-те 4 жеке кездесу қарастырылған. Олар Zoom арқылы немесе келісім бойынша офлайн өте алады.

ӨЗІҢЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЖАСА

Алғашқы қадамыңды бүгін жаса.

Саған қай тариф сәйкес келетінін бірге анықтаймыз.

WhatsApp-қа жазу
Договор оферты

АҚЫЛЫ АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ ШАРТЫ (КӨПШІЛІК ОФЕРТА)
Алматы қ. Редакция: 2026 жылғы 6 қараша.

ИП «Сағатбек», басшысы Сағатбек Дана Сағатбекқызы, дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарлама негізінде әрекет етеді (бұдан әрі — Орындаушы), бір жағынан, және кез келген жеке және/немесе заңды тұлға (бұдан әрі — Тапсырыс беруші), екінші жағынан, осы шартты жасасты. Осы шарт сайтта орналасқан және көпшілік оферта болып табылады. Қызмет үшін төлем жасау Тапсырыс берушінің шарттың барлық талаптарын толық және сөзсіз қабылдағанын білдіреді. Келіспеген жағдайда төлем жасаудан және курсты пайдаланудан бас тарту керек.

1. Терминдер

1.1. Сайт — Орындаушының курс туралы ақпарат орналасқан интернет-беті.
1.2. Telegram арна — оқу материалдары (бейнесабақтар, бонустар, тапсырмалар) орналастырылатын жабық арна. Тапсырыс беруші төлем растала салып оған қосылады.
1.3. Орындаушы — ИП «Сағатбек», «@dana_sagatt» бүркеншік атын да қолданады.
1.4. Тапсырыс беруші — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық пен әрекетке қабілетті, Орындаушымен ақылы қызмет көрсету туралы құқықтық қатынасқа түскісі келетін немесе түскен жеке тұлға, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.
1.5. Тариф — START, PRO немесе NEW BRAND.
1.6. Шартта анықталмаған терминдер шарттың мәтіні мен мағынасына, одан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндіріледі.

2. Шарттың мәні

2.1. Осы шарт — Орындаушының кез келген әрекетке қабілетті тұлғаға шарт жасасу туралы көпшілік офертасы (ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабы). Акцепт Азаматтық кодекстің 396-бабына сәйкес шарт жасасуға тең және қолмен қол қойылған шартпен бірдей күші бар.
2.2. Шарттың өзекті редакциясы сайтта орналастырылады.
2.3. Орындаушы Тапсырыс беруші таңдап, төлеген тариф бойынша Kaspi-де тауар сату жөніндегі ақпараттық-кеңес беру қызметін көрсетеді. Курстың бағасы мен сипаттамасы сайтта көрсетілген.
2.4. Тараптар қызметті қолжетімділік ашылған сәттен бастап тарифте көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін көрсетілді деп санауға келісті. Тапсырыс берушінің курсқа қатыспағаны немесе сабақтарды көрмегені үшін Орындаушы жауап бермейді.

3. Тарифтер

Барлық тарифтерде бейнесабақтар Telegram арнада орналастырылады, видеосабақтарға қолжетімділік мерзімі — 6 ай және 4 бонус беріледі: сұранысы жоғары 10 нишаның тізімі, сенімді поставщиктер контактілері, юнит-экономика есептеу кестесі, карточка жасауға арналған AI промпттар.
START — 59 900 ₸. 7 модуль, практикалық үй тапсырмалары, WhatsApp арқылы 2 ай кері байланыс.
PRO — 149 000 ₸. START тарифіндегі барлық 7 модуль, практикалық тапсырмалар, 2 жеке Zoom немесе офлайн кездесу, WhatsApp арқылы 3 ай кері байланыс. Бонустарға қосымша жеке бренд бойынша 5 бонус беріледі: жеке брендпен сатудың артықшылықтары, OEM және ODM түсінігі, тауар белгісіне өтінім беру, бренд атауын, логотип және класс таңдау, Kaspi-де жеке брендті тіркеу.
NEW BRAND — 299 000 ₸. 12 модуль (PRO тарифінің 7 модулі және жеке брендпен жұмыс бойынша 5 модуль), практикалық тапсырмалар, 4 жеке Zoom немесе офлайн кездесу, жеке WhatsApp арқылы 4 ай кері байланыс, VIP бонус: жеке брендпен сатуға 5 ниша, THREADS арқылы сату.

4. Қызмет көрсету тәртібі мен тараптардың міндеттері

4.1. Оқыту: Telegram арнада бейнесабақтар арқылы, WhatsApp арқылы кері байланыс, ал PRO және NEW BRAND тарифтерінде қосымша Zoom немесе офлайн жеке кездесулер арқылы өтеді.
4.2. Төлем расталғаннан кейін Орындаушы Тапсырыс берушіні жабық Telegram арнаға қосады. Тапсырыс беруші қосылу үшін өзінің Telegram аккаунтын (username немесе нөмірін) хабарлайды.
4.3. Кері байланыс пен қолжетімділік мерзімдері Тапсырыс беруші арнаға қосылған күннен бастап есептеледі. Мерзім өткен соң қолжетімділік тоқтатылады.
4.4. Тапсырыс беруші келісілген жеке кездесуге алдын ала ескертпей келмесе, кездесу Тапсырыс берушінің кінәсінен өтпеген болып саналады және басқа уақытқа ауыстырылмайды.
4.5. Курс материалдарына, оқыту әдістері мен тәсілдеріне авторлық құқық тек Орындаушыға тиесілі және жазбаша рұқсатсыз үшінші тұлғаларға берілмейді.
4.6. Орындаушы міндетті: қызметті тиісті сапада және келісілген мерзімде көрсетуге; Тапсырыс беруші тұлғасын құрметтеуге; қажетті әдістемелік материалдарды беруге және оқу барысында көмектесуге; Тапсырыс берушіні жабық Telegram арнаға қосуға.
4.7. Орындаушы құқылы: оқыту әдістерін, формасы мен білімді бақылау жүйесін өзі анықтауға; техникалық немесе басқа себептермен қызметті Тапсырыс берушіні хабардар етіп уақытша тоқтата тұруға; Тапсырыс берушіге оның байланыс деректері арқылы ақпараттық және жарнамалық хабарламалар жіберуге.
4.8. Тапсырыс беруші міндетті: қызмет ақысын уақытында төлеуге; байланыс телефоны немесе Telegram аккаунты өзгерсе, дереу хабарлауға; берген мәліметтердің дұрыстығына жауап беруге; сабақ мазмұнын және оған қосымша материалдарды Орындаушының жазбаша рұқсатынсыз жариялауға, көшіруге, таратуға, сатуға және қолжетімділікті басқа адамға беруге болмайтынын білуге. Материалдар авторлық және сабақтас құқықтар нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады; сабақтар кезінде мінез-құлық ережелерін сақтауға.

5. Баға және есеп айырысу

5.1. Қызмет бағасы мен тарифтер сайтта тенгемен көрсетілген.
5.2. Төлем 100% алдын ала төлем талаптымен жүргізіледі.
5.3. Төлем реквизиттерін немесе Kaspi Pay арқылы қашықтан төлеу сілтемесін Орындаушы Тапсырыс берушіге өзі жібереді. Төлем осы сілтеме арқылы жүзеге асырылады.
5.4. Төлемді рассрочка 0-0-12 арқылы жасауға болады. Рассрочка шарттарын төлем жасалатын қаржы ұйымы белгілейді.

6. Ақшаны қайтару ережелері

6.1. Тапсырыс беруші шартты курс басталуына дейін 5 жұмыс күнінен кем емес уақыт қалғанда бұзса, Орындаушы төленген соманың барлығын қайтарады.
6.2. Тапсырыс беруші шартты курс басталуына дейін 5 жұмыс күнінен аз уақыт қалғанда, бірақ курс басталмай тұрып бұзса, төленген соманың 30%-ы ұсталып, қалғаны қайтарылады.
6.3. Курс басталғаннан кейін шарт Тапсырыс берушінің еркімен бұзылса, төленген сома қайтарылмайды. Курстың басталуы — Орындаушының кез келген оқу материалын жіберуі, бейнесабақ өткізуі немесе Тапсырыс берушіні оқу материалдары орналастырылған Telegram арнаға қосуы.
6.4. Шартты бұзу туралы хабарлама шартта көрсетілген Орындаушының электрондық поштасына жіберіледі. Тапсырыс беруші ілеспе хат жазып, өзінің толық деректерін көрсетіп, курс төлемінің түбіртегін және ақша қайтарылатын реквизиттерді қосуы керек.
6.5. Ақша хабарлама алынған күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде қайтарылады.

7. Дербес деректерді өңдеуге келісім

Тапсырыс беруші Орындаушыға шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті дербес деректерін, фото және бейнетүсірілімдерін өңдеуге (жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру, иесіздендіру, бұғаттау, жою және заңнамада көзделген өзге де әрекеттер) келісім береді. Дербес деректер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автоматтандырылған және автоматтандырылмаған тәсілмен өңделеді.

8. Тараптардың жауапкершілігі

8.1. Міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
8.2. Материалдар мен қызметтер Тапсырыс берушіге материалдық пайда, табыстың артуы немесе өзге де кіріс алуға ешқандай кепілдіксіз ұсынылады. Нәтиже Тапсырыс берушінің өз әрекеттеріне және нарық жағдайына байланысты.
8.3. Орындаушы мыналар үшін жауап бермейді: үшінші тұлғалардың әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған шығындар; сайттың, Telegram, WhatsApp, Zoom және басқа интернет-сервистердің, интернет-провайдерлердің, төлем жүйелерінің, банктердің жұмысындағы іркілістер мен үзілістерден туындаған шығындар; Тапсырыс берушінің өз шешімдерінен (тауар таңдау, сатып алу, жарнама және т.б.) туындаған шығындар мен өтелмеген пайда.
8.4. Форс-мажор (табиғи апаттар, мемлекеттік органдардың әрекеті, электр қуатының немесе желінің болмауы, әскери қимылдар және т.б.) жағдайында тараптар жауапкершіліктен босатылады, ал міндеттемелерді орындау мерзімі осы жағдайлар әрекет ететін уақытқа ұзарады.

9. Дауларды шешу

9.1. Барлық даулар алдымен келіссөз арқылы шешіледі. Тараптар дауды сотқа дейін талап қою тәртібімен реттеуді белгіледі.
9.2. Келісімге келмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.
9.3. Тараптар арасында WhatsApp, Telegram, Zoom мессенджерлері және электрондық пошта арқылы жүргізілген барлық хат алмасу сотта жол берілетін дәлел болып саналады.

10. Оферта қолданылу мерзімі

10.1. Оферта сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімге орналастырылады. Орындаушы офертаны жойған кезде Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасындағы шарт тараптар міндеттемелерін орындағанға дейін қолданыста болады.
10.2. Офертаға өзгерістер жаңа редакция сайтта жарияланған сәттен күшіне енеді. Төлем жасалған сәтте қолданыста болған редакция сол Тапсырыс беруші үшін қолданылады. Тапсырыс беруші оферта өзгерістерін өзі бақылап отырады.

11. Орындаушының байланыс деректері

ИП «Сағатбек»
Сағатбек Дана Сағатбекқызы
Алматы қ.
Телефон: +7 775 632 28 00
e-mail: sagatbek.dana@gmail.com